«Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 2 наурыздағы № 80 бұйрығы (2024.09.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 2 наурыздағы № 80 бұйрығы

(2024.09.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Ә. Тамабек

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушы

2023 жылғы 2 наурыздағы

№ 80 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды жануардың селекцияланатын белгілерінің деңгейі және оларды ұрпаққа беру мүмкіндігі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.